Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметте, партия жұмыстарында шыңдалған қосаралдық Төлеген Әбілқайыров қазір зейнет демалысында. Бүгін Жетікөлдегі әкім сайлауында Төлеген мырза да дауыс берді.
- Ауыл әкімдері бұрын тағайындалды. Қазір сайланады. Бұл демократиялық үрдісті биліктің халық үшін қолжетімді және ашық болғаны деп түсінуге тиіспіз. Әкім - халықтың қызметшісі. Сайланған әкім жұртына жауапкершілікпен қызмет қылады деп сенемін. - дейді ол.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы саласының үздігі Төлеген Әбілқайыров бүгінде “БАЙҚАДАМ” шаруа қожалығын басқарады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz