7.04.2024, 22:53
Оқылды: 100

«AMANAT» партиясы Астанадан жөнелткен гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қызметкерлері жөнелткен гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

IMG-20240407-WA0349

Елордалықтар жинаған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлікпен қатар, балалар мен ересектерге арналған жылы киімдер, резеңке етіктер, тұрмыстық заттар және т.б. керек-жарақ дүниелер бар.

InShot_20240407_224912119

«Астанадан жөнелтілген гуманитарлық көмек Оралға жетті. Айналдырған 15-20 минуттың ішінде жастар жүк көлігіне тиелген азық-түлікті түсіріп, қоймаға кіргізіп үлгерді. Енді Қырғызстан мемлекеті жолдаған көмектің алғашқы легі келеді», – деді Абзал Құспан.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семгалиева Астанадан БҚО-ға 28 тонна гуманитарлық көмек жеткізілгенін айтып, партияластарға алғысын білдірді.

IMG-20240407-WA0336

«Бүгін әріптестеріміз зардап шеккен тұрғындарға жіберген гуманитарлық жүк көлігін күтіп алдық. Барша қолдау білдірген азаматтарға үлкен алғыс айтамыз», - деді ол.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале