"Су тасқыны орын алған Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында ішек ауруларының белгісіне шағымданғандар тіркелген жоқ", - деп хабарлады бүгінгі ТЖ департаментінде өткен брифинггте облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.
Облыстың бес ауданы мен Орал қаласы маңындағы 20 елді мекенге су кірді.
Сонымен қатар Қаратөбе, Теректі, Сырым аудандарында барлығы бес мал қорым, Сырым ауданында сібір жарасымен ауырған мал көміндісі, Теректі, Қаратөбе аудандарында екі зират, Қаратөбе ауданында тұрмыстық қалдық төгетін орын, Бөрлі ауданында медициналық, Қаратөбеде фельдшерлік – акушерлік пунктті су басты. Сондай-ақ Казталов, Сырым, Бәйтерек аудандарында су құбырлары, Казталовка ауданында бір ұңғымаға су астында қалды.
zhaikpress.kz