Батыс Қазақстан облысындағы 18 уақытша орналастыру пунктінде 1654 адам қоныстанған. Оның 837-сі бала. Ол турады ТЖ департаментінде өткен брифинггте облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.
Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ол орындарда тәулік бойы кезекшілік жүргізуде.
Кезекшілік кезінде су басқан жерлерден эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және олар үшін жайлылықты ұйымдастыруға ерекше назар аударылған. Уақытша орналастыру пункттерін тазалау, дезинфекциялау және желдету жұмыстарының уақтылы жүргізілуі қатаң бақылауға алынған.
zhaikpress.kz