10.04.2024, 18:20
Оқылды: 59

Су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты

су дрон самал (5)

Бүгінгі таңда «Қазсушардың» су қоймаларында орташа толтырылуы 74% немесе 374,0 млн текше метрді құрайды (ҚТД 507,0 млн.м³).Бүгінгі таңда «Қазсушардың» су қоймаларында орташа толтырылуы 74% немесе 374,0 млн текше метрді құрайды (ҚТД 507,0 млн.м³).

Филиал Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен күнделікті ақпарат алмасуда.

Ресейлік әріптестердің мәліметі бойынша, Батыс Қазақстан облысының аумағына Приузен су қоймасынан Үлкен Өзенге секундына 46 текше метр шығынымен су тасталуда, Үлкен Өзенде су тасқыны аяқталуда. Сары Өзенде су тасқыны аяқталды. Қазіргі таңда қосөзенге 400,0 млн текше метрден астам тасқын суы алынды. Бұл ағын су лимандарға және табиғи шабындықтарға, сондай-ақ су қоймалары мен көлдерді толтыруға бағытталды.

Шаған су қоймасында судың деңгейі 29,47 м құрады, яғни 4 сағатта 5 см-ге өсті. Су тастағыш иммараты 2023 жылдың күзінен бастап толық ашық, тасқын су иммарат арқылы еркін өтіп Жайық өзеніне тасталуда. Суды жазғы-күзгі мезгілдеріне сақтап қалу үшін, су тастағыш иммараты тасқын мөлшері азайған кезде жабылатын болады. Шаған және Деркул өзендерінің бойындағы гидробекеттерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне су тастау мөлшері су қоймаға келетін судың азайюына байланысты сағат 15:00-ге секундына 993 текшеметрді құрайды.

Жайық өзені 8 сағатта 4 см қосып, сағат 16:00 де 722 см құрады, қауіпті деңгей 850 см құрайды. Су тасқыны басынан бері өзен деңгейі жалпы  6 метрге көтерілді. Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді. Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзенің және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен көтерілуі күтілуде.

Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 95,8 текше метр шығынымен су түсуде. Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналуда, 8 сәуірден бастап көлтабандармен мен табиғи шабындықтарға су беру басталды.

Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты.

 

«Қазсушар» РМК БҚО филиалы,

Фото: zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале