Барлық батысқазақстандық үшін қиын кезеңде кәсіпкерлік субъектілері белсенді азаматтық позицияны көрсетіп, азық-түлік тауарларының, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шарықтатпауы керек.
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Қиматова атап өткеніндей, егер саудагерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын өсіріп сату фактілері анықталса, департаментке хабарлау қажет.
- Өтінішті «E-Ontinish» платформасы арқылы жіберуге болады немесе Сарайшық қ., 44/2, мекенжайында орналасқан офистің 303, 304, 305 кабинеттерінде қалдыруға болады. Жоғарыда аталған тізімге енгізілген тауарларға қатысты сұрақтарыңыз болса, бағасы белгілі бір өнім туралы ақпаратты департаменттің 50-00-44 сенім телефоны арқылы бізге хабарласып, алуға болады. Тиісті ақпаратты департамент мамандары ұсына алады, - деді Эльмира Қиматова.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz