11.04.2024, 14:31
Оқылды: 16

Төтенше жағдай бағаны көтеруге себеп емес

Су тасқыны тоқтап, облыс тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралады. Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жасалып, жан-жақты көмек көрсетіледі.

IMG-20240410-WA0156

Дегенмен, өңір кәсіпкерлері пайда табудың жолына түспей, құрылыс материалдарының бағасын көтермеуі керек.

Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова департаментке тұрғындар тарапынан шағым түскенін айтты. Олардың хабарлағанындай, жаға бекіткен кезде қапқа салынатын бір Камаз құмның бағасы осы кезге дейін 7000 теңге болған. Ал  төтенше жағдай басталғалы құм бағасы 15000-ға жеткен.

- Бұл мәселе басқарманың құзырына жатпайды, дегенмен, өз тарапымнан уәкілетті органдармен бірлесіп, сауда орындарын аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Өз кезегінде кәсіпкерлік субъектілері талаптарды түсіністікпен қабылдап, су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін қызмет бағасын төмендетті, - деді Эльмира Қиматова.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале