12.04.2024, 9:59
Оқылды: 24

Көктемгі далалық жұмысқа әзір болу шарт

Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылық саласының барысын бағамдаған, сонымен қатар өткен жылы атқарылған көлемді жұмыстардың есебі беріліп, алдағы уақыттың жоспары да кең  талқыланған келелі жиын өтті. Сондай-ақ көктемгі далалық жұмыстарға әзірлік те нақтыланды. Жиынға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев төрағалық етіп, оған ауданымыздың барлық шаруашылық құрылым жетекшілері, аталған саланың бөлім басшылары мен мамандары және де облыстан бірнеше басқарма, бөлім басшыларының өкілдері келіп қатысты.

435090282_1846004819144611_4598123253499648071_n

Алқалы жиында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз бастап, ауданымыздың ауыл шаруашылық саласындағы жұмыстарға тоқталып, мәселелі тұстарын да айтып өтті.

Жиналғандар алдында Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Садықовтың баяндамасы тыңдалды.

435056391_1846004599144633_2260345642515296826_n

Жиында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару мәселесі бойынша баяндама жасауға БҚО жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы Қайрат Луқпанов, БҚО «Қазақстан аграрлық сараптама» АҚ-ның сынақ зертханасының меңгерушісі Ержігіт Қоблан, БҚО «Қазақстан аграрлық сараптама» АҚ-ның сынақ зертханасының бас технологы Айгүл  Зинекешева және басқа да облыстан келген өкілдер сөз алып, шыңғырлаулық шаруалардың сұрақтарына жауап берді.

Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале