Қай уақытта да көмек қолын созуға әзір тұратын тасқалалықтар демалысқа қарамастан облыс орталығындағы су тасқынының алдын алу бағытында ұйымдастырылып жатқан жұмыстарға белсене қатысып жатыр.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, аудан әкімі Т.Шакировтың өзі бастаған команда құрамында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен Достық ауылдық округінің жігіттері және Тасқала жамағаты барлығы 30 адам еңбек етуде.
Барлығымыз біріксек алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан көмек қолын созам дейтін еріктілер болса қатарға қосылуға болады.
Назгүл Жәрдемова,
Тасқала ауданы