15.04.2024, 10:06
Оқылды: 69

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қала халқына үндеу жариялады

Бүгін өңірдегі су тасқынына байланысты Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қала халқына үндеу жариялады. 

34a68d9db9b955912796b8fa337e75ad_1280x720

Фото: www.gov.kz

Құрметті оралдықтар!
​​
Баршаңызға белгілі, қалада су тасқыны қаупіне орай күрделі жағдай қалыптасып отыр. Мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қаламызға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.

Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2000-ға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облысымыздың аудандарынан келген әскери қызметшілер, төтеншеліктер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.

Ең бастысы - азаматтардың амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындарын эвакуация жасау қажет. Судың мол көлемі кез-келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыз. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды.

Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Эвакуацияны қазірден бастаңыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале