15.04.2024, 15:24
Оқылды: 47

Тасқыннан зардап шеккен азаматтарға айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 облыстағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп зардап шеккен азаматтарды және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шаралар атқарды.

IMG-20240415-WA0135

Ол туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы Айман Айдарова мәлімдеді.

Айман Айдарованың айтуынша, зардап шеккен қарыз алушыларға, банктерге және микроқаржы ұйымдарына көмек көрсету аясында түрлі шаралар жүзеге асырылған.

 

– Жергiлiктi атқарушы органдардың тiзiмдерiндегі су тасқынынан зардап шеккен барлық азаматтарға 2024 жылғы 1 сәуiрден 30 маусымға дейiн 3 ай мерзiмге несие төлемдерi автоматты түрде кейiнге қалдырылады. Төлемдердi кешiктiргенi үшiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар есептелмейдi. Зардап шеккен азаматтардың су тасқыны салдарынан туындаған несиелері және зардап шеккен барлық жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ су тасқыны экономикалық қызметін тоқтатқан шағын және орта бизнес субъектілеріне олардың берген өтінішін ескере отырып, несие төлемдерін төлеу мерзімін ұзарту қарастырылды, – деді Айман Айдарова.

Баяндамашы өз сөзінде банктер мен микроқаржы ұйымдары апаттан келген залал мүлкі, жеке үйі мен шаруашылығына, қарыз алушылардың табысы мен қаржылық жағдайына әсерін бағалау үшін әр зардап шеккен қарыз алушыға жеке талдау жүргізілетінін, оның негізінде қосымша несиелер бойынша жеке қолдау шаралары белгіленетінін айтты.

- Зардап шеккен азаматтар мен кәсіпкерлерді қарыз алушыларға көмек көрсету шаралары туралы хабардар ету мақсатында несиелік ұйымдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдерін және несиелерді қайта құрылымдау тәртібі жарияланады. Қарыз алушылармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін банктер мен микроқаржы ұйымдары зардап шеккен қарыз алушылардың өтініштерін қашықтан беру қызметін енгізіп жатыр, – деді Айман Айдарова.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале