16.04.2024, 9:30
Оқылды: 60

Ибрагим Магомедов олимпиадалық салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

"Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Ибрагим Магомадов Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды", - деп хабарлайды Olympic.kz. 

1713187617

Фото: olympic.kz

77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагим қола медаль үшін күресте Иран балуанынан 4:3 есебімен басым түсті.

Магомадов турнир барысында әлем чемпионы, қырғызстандық Ақжол Махмұдовқа есе жіберген болатын.

Бұл 33 жастағы спортшының жаңа салмақтағы алғашқы жетістігі. Былтырғы Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов 72 келі салмақта жеңімпаз атанды.

Айта кетелік, бүгін грек-рим күресінен 63 келі салмақта бақ сынаған Ержет Жарлықасын Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале