"Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Әлімхан Сыздықов Олимпиада квотасы үшін сынға түсті", - деп хабарлайды Prosports.kz
Фото: prosports.kz
Ол Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетті. 130 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде Сыздықов қырғызстандық Роман Кимді жеңді.
Қазақстан үшін бұл бүгінгі күні грек-рим күресінен үшінші лицензия. Бірінші орынды Айдос Сұлтанғали (60 келі), екінші орынды Демеу Жадраев (77 келі) жеңіп алды.