"Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні саяжайлардағы 13 044 үйді су басты", - деп хабарлайды ҚР төтенше жағдай министрлігі.
Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталып тұр.
Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізіліп жатыр.
13 880 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 748 бала. Эвакуациялық пункттерде 2 363 адам орналасқан, оның ішінде, 1009 бала, 11 517 адам туыстарында орналасқан.
4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 229 936 дана қапшық және 22 298 мың тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 647 адам, 1 919 бірлік техника, 213 бірлік су сору құралы, 194 дана жүзу құралы және 5 вертолет жұмылдырылған.