22.04.2024, 15:32
Оқылды: 44

Батыс Қазақстандағы саяжайлардағы 13 044 үйді су басты

"Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні саяжайлардағы 13 044 үйді су басты", - деп хабарлайды ҚР төтенше жағдай министрлігі.

f56d117608ba14021471ad31ff73f236_1280x720

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталып тұр.

Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізіліп жатыр.

13 880 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 748 бала. Эвакуациялық пункттерде 2 363 адам орналасқан, оның ішінде, 1009 бала, 11 517 адам туыстарында орналасқан.

4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

0760e15da7827dfe5d1902336160282e_1280x720

Облыс бойынша барлығы 1 229 936 дана қапшық және 22 298 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 647 адам, 1 919 бірлік техника, 213 бірлік су сору құралы, 194 дана жүзу құралы және 5 вертолет жұмылдырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале