24.04.2024, 12:02
Оқылды: 64

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 114 үй салады

"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі өңірдің Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды. 

Ақша JP

Аталған келісімге сәйкес бой көтеретін үйлер қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде салынады. 114 тұрғын үйдің 49-ы Жымпиты ауылында, 25 үй Бұлдыртыда, 38 үй Өлеңті ауылында, бір үй Жетікөлде салынса, тағы бір баспана Жаңақоныс ауылында бой көтереді. Салынатын үйлер объективті тексеру қорытындысы бойынша жөндеуге жатпайды және қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған басапаналардың орнына беріледі. Ол үшін Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су басу қаупі жоқ аймақтарда жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін анықтады және бөлді. Сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстарының барысын, үйлердің сапасын бақылау мен қадағалауды облыс әкімдігі мен қоғам белсенділері бірлесіп жүзеге асырады.

- Біздің жеріміз, халқымыз табиғи апатқа тап болды, оның салдары, әрине, өте қайғылы. Бірақ, біз ортақ күш-жігерімізбен қысқа мерзімде жаңа үйлер құрылысын бастап, оларды толықтай аяқтап, қиыншылыққа тап болған отандастарымызға көмектесе аламыз деп үміттенеміз. Қор бұған Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша 10 млрд теңгені, сондай-ақ қазақстандықтар мен бизнес өкілдері жіберген қаражатты қосымша жолдап отыр, - деді «Қазақстан халқы» ҚҚ төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Одан бөлек алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс жүргізілетін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады.

- Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтуды тапсырған еді. Осы ретте, «Қазақстан халқына» қоры да көмек көрсеткелі отыр. Сырым ауданында тұрғын үйлер салынады. Бұл қуантарлық жағдай. Зардап шеккен тұрғындар баспанасыз қалмайды, мемлекет тарапынан барынша көмек беріледі, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Ескеретін жайт, 1-30 сәуір аралығында Қордың атына түскен барлық ақшалай қаражат төтенше жағдайдың салдарын жоюға және ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталады. Қор өзінің ресми сайтында донорлар мен аталған сомалардың мөлшері туралы есепті орналастырады.

Бүгінгі таңда Қордың шоттарына 2,9 млрд теңге сомасына қайырымдылық жарналары түсті. Сәуір айының соңына дейін қайырымдылық қаражаты есебінен салынатын үйлердің саны артады деп үміттенеміз.

Қор ресми сайтында көрсетілген шоттар мен деректемелерді пайдалануды сұрайды ол үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Жеке тұлғалар аударымдарды банктердің мобильді қосымшаларында «Қайырымдылық» бөлімі арқылы жүзеге асыра алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале