24.04.2024, 18:11
Оқылды: 106

Ата - текті бұрмаламайық

ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мұхит Мерәліұлы қорының директоры, дәстүрлі әнші Сағадат Рахметжанов зерттеуші Бекен Есенжоловтың «Жадымдағы жаңғырықтар» кітабына қатысты пікір білдірді.

Ескендір Хасанғалиев

Оның айтуынша, жинақта ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, көрнекті әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің Шөмекей руының Көнек бөлімінен тарағаны жазылған. Бұл жөнінде біртуар тұлғаның ұлы Біржан Хасанғалиев те біледі.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.31.44

- Ескендірдің әкесі Құбаш Ибрашевтің руы – Қызылқұрт. Бөлімі – Елқұлы, тайпасы – Елібай. Бейітіндегі құлпытаста солай жазулы тұр. Құлпытасты Ескендірдің өзі қойған. Қаратөбе ауданының мемлекеттік архивіндегі мамандарға хабарласып, бұл кісінің 1918-1942 жылдар аралығында өмір сүргенін анықтадым. Ал нағашы атасы Өтегеннің руы – Ысық. Оны да дәлелдей аламыз. Әнші сол кісінің тәрбиесінде болған. Жоғарыда аталған кітап авторы өмірден өткен. Сол жинақты қайта басу жұмыстарымен шұғылданып жүргендермен, қате ақпаратты желіге бөліскендермен телефон арқылы тілдесіп, мән-жайды түсіндірдім. Алдағы уақытта кітап қайта басылатын болса, аңыз тұлғаның руына қатысты мағлұматтың алынып тасталуы керек екенін айттым. Қылышымызды тасқа шауып жүрмейік деп алдын ала ескерттім. Әрине, Ескендір – қазаққа ортақ тұлға. Алайда оның ата-тегін бұрмаламауымыз қажет. Бұл – ұят нәрсе. Шежіре – ұлттың негізгі коды, ғылыми дерек көзі, – дейді шежіре жинақтаушы Сағадат Ғабды-Насырұлы. Қысқасы, Сағадат Рахметжанов Ескендір Хасанғалиевтің Шөмекей руынан тарамағанын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп отыр.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.29.58

Айта кетейік, әйгілі әнші Ескендір sputnik.kz тілшісіне берген сұхбатында: «Туған анам – Қанаш апай мені он бес жастан асқанда дүниеге әкелген. Жолдасы – Құбаш Ибрашев. Ол кісі 24 жасында өкпе ауруынан дүние салды. Математикадан сабақ берсе де, скрипкада аздап ойнайтын өнері болған» деген екен. Ал ұлы Біржанның: «Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларының қолында тәрбиеленді. Сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі, туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. Ол 1942 жылы ауырып, 24 жасында қайтыс болған» деген сөзі turkystan.kz және басқа да сайттарда жарияланған.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале