25.04.2024, 11:00
Оқылды: 59

Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс медалін иеленді

"Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындаңы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті", - деп хабарлайды Olympic.kz.

WhatsApp Image 2024-04-25 at 10.50.53

Фото: olympic.kz

Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшының көрсеткіші - 1 метр 76 сантиметр.

Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты.

Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығында өтуде. Құрлық додасына 30-дан аса елдің өкілдері жиналған.

Қазақстан намысын жалпы есебі 42 спортшы қорғауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале