26.04.2024, 9:30
Оқылды: 80

Студенттер бірден үш диплом ала алады: ЕҰУ, ММУ және ММУ-ППИ

"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және Шэньчжэньдегі ММУ-ППИ университеті бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ниетті. Оқуды сәтті аяқтаған студенттерге жоғары білім туралы үш диплом берілетін болады", - деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

b941fccce054b379572c98e6f6f0f722_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бұл үш университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің арқасында мүмкін болмақ. Құжатқа Мәскеуде өткен «Университеттер және болашақ» халықаралық форумы барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ММУ ректоры Виктор Садовничий, Шэньчжэнь қаласындағы ММУ-ППИ ректоры Ли Хэчжан қол қойды.

Келісім шеңберінде тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлейді, оқытудың озық әдістерін дамытуда тәжірибе алмасады, сондай-ақ жетекші зерттеулер бойынша жарияланымдар мен материалдар алмасып,  бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.

«Біз қол қойған шарт үш диплом бере отырып, мамандарды даярлаудың жаңа білім беру жобасын іске асырады. Бұл біздің өңіріміз үшін жоғары білікті кадрларды бірлесіп даярлауға деген ортақ ұмтылысымызды тағы да дәлелдей түседі. Біз жоғары оқу орындарымыз үшін ынтымақтастықтың жаңа келешегін қалыптастырып, ең бастысы, жас, мобильді, ашық ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отырмыз», - деп атап өтті Ерлан Сыдықов.

487e45f171ca528366a2833529b52e4e_1280x720

Айта кетейік, Шэньчжэньдегі ММУ-ППИ университетін М.В. Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Пекин  политехникалық институты және Шэньчжэнь муниципальдық халық үкіметі құрды.

Пекин политехникалық институты (ППИ) 1940 жылы құрылған және Қытайдағы жетекші инженерлік-техникалық университеттердің бірі болып табылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале