26.04.2024, 15:05
Оқылды: 49

"Демалыс маусымы": ҚТЖ қазақстандықтарға үндеу жасады

"Көп қазақстандық елді пойызбен аралайды. Мереке қарсаңында Жолаушылар тасымалы мен ҚТЖ жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауды ұсынды", - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

5

Фото: ktzh-gp.kz

Жолаушылар пойыздарына билеттерді пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күннен 1 күнге дейін, қала маңындағы пойыздарға 10 күннен 1 күнге дейін сатып алуға болады.

"Комиссиясыз билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында сатып алуға болады. Bilet.railways.kz сайтының жеке кабинетінде жолаушыларға ыңғайлы болу үшін "күту парағы" қызметі жұмыс істейді, ол еркін сатылымда билет болмаған кезде кезекке тұруға және бос орын пайда болған жағдайда билетті сатып алуға мүмкіндік береді. Мұны пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күннен ерте емес және 2 сағаттан кешіктірмей жасауға болады. Жолаушы билеттің бар екені туралы оның жеке кабинетінде, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы хабарланады", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Бұл қызмет вокзал кассаларында да қолжетімді екені нақтыланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале