30.04.2024, 13:02
Оқылды: 51

БҚО прокурорының бірінші орынбасары өңір тұрғындарына үндеу жасады

БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев түсіндіргендей, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңмен реттеледі және хабарлама жасау тәртібін көздейді.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.04.23

Ол үшін ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейінгі 5 жұмыс күні ішінде әкімдікке хабарлама беруі тиіс, ол 3 жұмыс күні ішінде қаралады. Аталған Тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 50 АЕК айыппұл түріндегі жаза не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу шарасымен жауапкершілік көзделген.

- Құрметті жерлестер, ешкім қолдаусыз қалмайды, зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі! Осы қиын кезеңде біздің облысымыз үшін қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығы ерекше маңызды, бірігіп, бір-біріңе өзара қолдау көрсетулеріңізді сұраймын, - деді Дәурен Омарғалиев.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале