Warning: session_start(): open(/tmp/sess_ds2c2fo9ukgo4tbu9r8ag9radr, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Чапай-Жаңақала-Сайқын бағытындағы жол құрылысы жалғасады - официальные новости ЗКО
1.05.2024, 11:00
Просмотры: 217

Чапай-Жаңақала-Сайқын бағытындағы жол құрылысы жалғасады

Облыстық маңызы бар Чапай-Жаңақала-Сайқын автожолының 130-191 шақырымдары яғни, 61 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысы биыл жалғасады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов мәлімдеді. Қазіргі таңда аталған жолдың 13,1 шақырымына асфальт төселді.

техника жол 2

– Облыстық маңызы бар ол жолдағы жұмысты жалғастыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүріп жатыр,- деді Бауыржан Айтмағамбетов.

Бауыржан Ерқайырұлының айтуынша биыл 15 шақырым жолға асфальт төселеді. Сонымен қатар, «Чапай-Жаңақала-Сайқын жолының 307-337 шақырымына күрделі жөндеу жүргізу үшін конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Мердігер ұйым анықталған соң, тиісті жұмыс басталатын болады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале