Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Қазақстан – достық мекені" атты мерекелік шара өтті. Әрбіріміздің жүзімізге шуақ, жүрегімізге жылу ұялататын бір шаңырақ астына жиналған ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігі күні қарсаңында аудан тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Салатанатты шара басында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз сөйледі.
- Құрметті шыңғырлаулықтар, жерлестер! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналды. "Ынтымақ барда — ырыздық бар" дегендей, бірлік ұштастырған берекелі елде жаңа істер мол боларына сенімдімін!,- деп мерекемен құттықтады аудан әкімі. Сондай-ақ жылдар бойы аудан игілігі үшін еңбек етіп, өркендеуіне елеулі үлес қосқан жандар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы