1.05.2024, 17:30
Оқылды: 56

Қазақстанның шағын үлгісі

Долин ауылы – біте қайнасып, тұтас елге айналған көпұлтты Қазақстанның шағын үлгісі.

манс

Ежелден ел қонған  жерге осыдан 115 жыл бұрын Украинадан қоныс аударушылар келген. Алғаш бұл жерге ағайынды Баштовенколар келген деседі. Сулы, құнарлы жерді көрген олар жерлестері Авраам және Еремей Ходиндер, Калина Ода, Козоногин, Косич отбасыларын шақырған. Жыл өте келе тұрғын көбейді. Шұрайлы, шыбық тіксе, шынар болатын мекен оларға құтты болды. Қоныстанушылардың ұрпағы бүгінде бар ауылда.

1937 жылы Приморье өлкесінен жер аударылған корейлер де осы ауылдан пана тапты.

Өткен ғасырдың 50-жылдарында кеңес үкіметінің тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы Долин ауылына жаңа леп, жаңа адамдар әкелді. Тыңгерлер легімен ауылға Волошин, Тюхай, Зенкевич, Згурский отбасылары көшіп келді. Сол жылдары Долин ауылына түрлі ұлт өкілдері келіп, еңбек етті. Солардың ішінен тұрақтап қалғандары да бар.

Долин ауылының ұлттық құрамын анықтау мүмкін емес. Қыз алысып, құда болған, қаны да, жаны да араласып кеткен бұл ауылдың адамдарын «қазақстандық» деген жаңа ұлтқа жатқызған дұрыс.

рооо

Байқасақ, долиндіктердің тұрмысы, сөйлеу мәнері, қарым-қатынасы толеранттылық үлгісіндей. «Сіз-біз» деп, бөле жармайды. Бірліктері бекем. Мереке-тойды әр ұлттың салт-дәстүрін сақтай отырып, бірге тойлайды. Қиындықты бөлісіп, жабыла көтереді. Бірігіп ауыл ішін тазалау, жалғызілікті қарияларға болысу – бұл долиндіктер үшін үйреншікті көрініс.

Күні кеше Жайық жағасындағы ауылдарды әбігерге салған су тасқынында долиндіктер ауызбіршілікті, жанашыр жандар екенін тағы бір дәлелдеді. Ауыл тұрғындары қиын жағдайға тап болған жерлестеріне аз да болса,  сеп  болсын деп қаражат жинап, киім-кешек, оқу құралдарын жеткізді.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале