4.05.2024, 21:02
Оқылды: 78

Облыс әкімі су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тасқыннан зардап шеккен №1, 2, 3 және "Нұрлы жол" саяжайларының тұрғындарымен кездесті. Жиын қала орталығындағы Гагарин көшесі - 105/7 мекенжайында орналасқан Халық шығармашылығы орталығында өтті.

000

Кездесуге келген тұрғындар тарапынан өзектілігін жоғалтпай отырған бірқатар сұрақ қойылды. Панасыз қалған жұртшылықты су басқан саяжайла,рды қалпына келтіру, жаңа үй алу, әлеуметтік көмекке жүгіну және т.б мәселелер алаңдатып отыр.

Әр зардап шеккен азаматқа тиісті көмек керсетілетін атап өткен облыс әкімі бүгінде Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия жұмысын бастағанын айтты. Н. Төреғалиевтің сөзінше, кезең-кезеңімен барлық саяжай техникалық зерттеуден өтеді. Тұрғындар көмексіз қалмайды. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер берілуде, аталған жұмыстар жалғасын табады.

233

Бүгінде облыс бойынша зардап шеккен 2264 отбасыға, оның ішінде саяжайда тұратын 863 отбасы бар, 813 млн теңге көлемінде (100 айлық есептік көрсеткіш) біржолғы әлеуметтік төлемген. Бұған қоса бүгінгі жұмыс күнінің соңына дейін саяжайдағы 1080 отбасыға бір жолғы әлеуметтік төлем берілмек. Алдағы уақытта түскен өтініштер негізінде төлемдер төлеу жалғаспақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале