9.05.2024, 10:00
Оқылды: 74

Батырлар рухына тағзым етті

9 мамыр күні сағат 8.00 шамасында Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова алаңында Жеңіс күніне арналған іс-шара өтті. Аталған алаңда орналасқан «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткішіне жиналғандар гүл шоқтарын қойып, ел үшін құрбан болғандардың рухына тағзым етті.

IMG-20240509-WA0054

Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесі, ҚР Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімі, Орал теміржол вокзалы және «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы ардагерлері» қалалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ №19 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жергілікті тұрғындар қатысты.

InShot_20240509_100035306

– Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш маңында жиындар көптеп ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын. Себебі, өскелең ұрпақ қазақ батырларының ерліктерін естіп өсуі тиіс. Бүгінгі гүл шоқтарын қою рәсіміне жастардың, сондай-ақ оқушылардың келгені мені шын қуантты. Жеңіс күні – жабырқаған көңілді жұбатып, жұртшылыққа сәуле шашқан күн. Соның айғағындай, міне, күн де нұрын төгіп тұр. Қазақтың басына ешқашан қара бұлт үйірілмесін! Шаттыққа толы шақтарымыз көбейе түссін! – деді «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы ардагерлері» қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Берік Сисенов.

IMG-20240509-WA0051

Өз кезегінде ҚР Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов ардагерлер есімінің ешқашан ұмытылмайтынын, олардың өмір жолын, ерлік істерін ұлықтайтын шаралар алдағы уақытта жалғасын таба беретінін тілге тиек етті.

InShot_20240509_100045030

– Бейбітшілікке жететін ештеңе жоқ. Соғыс болмасын! Сұрапыл шайқаста опат болғандарды еске алу шараларына қатысып, елді, жерді қорғау бағытында ой-пікірімізді қашанда ортаға саламыз. Батырлар рухына тағзым ету – біздің перзенттік парызымыз, – деді «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы ардагерлері» қалалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Құрманғазы Жақсыбаев.

IMG-20240509-WA0056

IMG-20240509-WA0052

#Жеңімпаздартарихы

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале