14.05.2024, 16:30
Оқылды: 37

Туризм саласында 33 инфрақұрылым жобасы іске асырылған

Үкімет отырсында ҚР Туризм министрлігінде саланы дамытудың негізгі шаралары туралы айтылды.

жп орда
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша биыл басым туристік аймақтардың тізімі ТОП–20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша республиканың барлық өңірінде ең перспективалы өсу орындары анықталды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша туризм саласында 131 млрд теңгеге 33 инфрақұрылым жобасы іске асырылды. Оның ішінде Маңғыстау облысындағы «Жылы жағажайға» инфрақұрылым жеткізу жөнінде бірқатар жоба бар.

2024 жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларындағы әуежайлардың 3 терминалының құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл жолаушылар ағынын едәуір арттырады және туристік дестинацияларды қолжетімді етеді.

Саланы одан әрі дамыту үшін жаңа бастамалар пысықталып жатыр. Жаңа енгізілімдердің бірі қазірдің өзінде күшіне енген, атап айтсақ: халықаралық франшизаға ие қонақүйлер үшін жеңілдікті несиелеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды.

Тағы бір бастама – фермерлерге өз жерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл ауылдарда 10 мыңнан астам тұрғынды қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Шетел азаматтары үшін заманауи көшпенділердің визасын (NEO Nomad Visa) енгізу мәселесі қарастырылуда, бұл оларға ҚР-да ұзақ уақыт болу құқығын береді. Аталған шараны енгізген соң экономикаға жыл сайын 3 млрд теңгеден астам пайда келеді деп күтіліп отыр.

📱

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале