16.05.2024, 14:45
Оқылды: 20

Иесіз жүрген мал қамалады

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен иесіз жүрген мал басы, мал бағымы туралы әңгіме қаузалған жиын өтті.

иесіз

Жиынға жауапты дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласының мамандары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес жиын барысында қараусыз жүрген төрт түлік малды бақылауда ұстау, кезекпен бағу және кешкі уақытта жайылымнан уақтылы күтіп алып, қораларға қамау қажеттілігі туралы және темір жол аумағында қараусыз малдың жайылуы, тұрғындардың темір жолдан өту кезінде сақтық шараларын ескермеуі секілді өзекті мәселелер қаралып, шешу жолдары ортаға салынды.

Расында да, өріске кетуін кеткенімен кешке келер тұста қайсыбір мал иелері күтуге шықпай, иесіз малдың көше бойлап кететіні күнделікті көрініс. Көше тазалығын бұзып қана қоймай, кешкіқұрым иесіз жүрген мал үйіне қайтпай мал иелерінің өздері де әбігерге түсіп жатады. Сондықтан да малды өрістен кешіктірмей күтіп алу қажеттілігі үнемі айтылып келе жатыр. Алдағы уақытта көше кезіп жүрген мал көзге шалынса, нақты шара алынбақ.

 

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале