16.05.2024, 17:15
Оқылды: 64

Тайпақтың жүн өнімдерін енді Қытай да таниды

Қытайдың Хоргос қаласында Қазақ-Қытай бизнес форумы өтті. Оған облыс атынан Ақжайық аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Сейткереева қатысып, жуырда елге оралды. Ол форум аясында ұйымдастырылған көрмеде Тайпақ ауылынан жүн өнімдерін апарып, таныстырды. Еліміз және Қытай мемлекетінен сан шебер бас қосқан аталмыш шарада тайпақтық қыз-келіншектердің қолынан шыққан өнімдер жоғары деңгейде бағаланды.

22

– Баршаңызға белгілі, осыдан екі жыл бұрын Тайпақта қыз-келіншектер бірігіп, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жүн өнімдері цехының жұмысын бастады. Бүгінде бұл цехта сегіз адам еңбек етеді. Кезінде Жапониядан мамандар келіп, әйелдердің ісіне оң бағаларын беріп кеткені баршаға аян. Тайпақ ауылдық округінің қолдауымен қазір цехқа ыңғайлы ғимарат бөлініп, қызметшілердің алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасалды. Міне солардың қолынан шыққан өнімдер шетелде таныстырылып, атағы алысқа кетті. Қойдың жүнінен жасалатын аяқ киімдер, шұлықтармен қатар кеудені жылы ұстауға арналған кеудешелер де апарылды. Осы істе бізге қолдау білдіріп келе жатқан облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова, аудан әкімдігі, ішкі саясат бөліміне және Тайпақ ауылдық округі әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз, – дейді Ләззат Мұратқызы.

Асыл Қайрат,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале