16.05.2024, 22:30
Оқылды: 70

Сыбайлас жемқорлық жай ғана қылмыс емес...

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында іске қосылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ауданға келіп, алдымен халыққа тегін құқықтық кеңестер беріп, жеке қабылдаулар өткізсе, кейін Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы болды. Күннің екінші жартысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.

IMG_6622

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрамында болған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрайымы Жансұлу Төремұратова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің БҚО бойынша өкілі Аманқос Жұбаныш аудандық мәдениет үйінің фойесінде қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарына тегін құқықтық кеңестер берді. Одан бөлек Жансұлу Меңешқызы «AMANAT» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында ауданның белсенді әйелдерімен кездесті. Жүздесу барысында сапар мақсатына тоқталып, аудандағы іскер әйелдердің жұмысымен танысты. Өз кезегінде нәзік жанды белсенділер келген мейманға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

IMG_6625

Әрмен қарай аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында аудан Тимур Шиниязов төрағалық етті. Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты. Тимур Серікұлы сөз кезегін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Жұмағалиұлына берді.

PHOTO-2024-05-16-15-36-50

Ол өз кезегінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы», «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобаларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар спорт және мәдениет саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаев, жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің профилактикалық шаралары хақында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Сәрсенғалиев және ауылдық округтердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралары бойынша Жақсыбай және Борсы ауылдық округтерінің әкімдері Алмат Қаратаев пен Зинхар Бақтығалиев айтып берді. Басқосу соңында аудан басшысы сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында барлық ауылдық округтерге осы тақырыпта ауыл халқына жадынамалар таратуды және көрнекі жерлерге баннерлердің эскизін жасақтап, орнатуды, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жауаптылығы туралы кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізуді, ауыл шаруашылық мақсатына және құрылыс салуға жер беру кезінде сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу шараларын жалғастыруды, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру талаптарын шаруа қожалық басшылары арасында түсінік жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.

- Сыбайлас жемқорлық жай ғана қылмыс емес, ол өкілетті мекемедегі тұлғалардың қызметіне балта шабатын кесел екені даусыз. Залалы ауыр болатын кеселдің алдын алу және жол бермеу баршамызға міндет. Сол себепті жұмысымызға жауаптылықпен қарап, мемлекеттік қызметімізді адал атқарайық,- деп, Тимур Серікұлы отырысты қорытындылады.

Комиссия отырысынан кейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале