17.05.2024, 18:05
Оқылды: 70

Тасқалада «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасып жатыр

«Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр басталып, биыл да өз жалғасын тауып жатыр. Жоба аясында берілетін білім халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етіп, ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады.

IMG_9576

Оқуға әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайы әртүрлі адамға қатысуға болады. Осы бағдарлама қарыздан құтылғысы келетін тұрғындарға, жас отбасыларға және кәсіпкер болуға ұмтылғандарға ұсынылады. Семинар қорытындысы бойынша қатысқандар жеке қаржы мен отбасы бюджетін жоспарлауды үйренеді. Кәсіпкерлер қаржылық сауат пен қаржылық модельдеу құралдарын пайдалана алады.

IMG_9568

Осыған орай әкімшіліктің үлкен мәжіліс залында осы жобаға байланысты жиын өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, бөлім басшылары, аудан депуттары және мекеме қызметкерлері қатысты.

Алғаш сөз алған жоба менторы Алмагүл Исмагулова қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақытта несие қарызын азайтудың қандай жолдары бар екенін түсіндірді. Жалпы қоғамдағы халықтың сауатын ашу туралы адам өміріне керекті мағлұматтар туралы пайдалы ақпарат берді. «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауатын арттыру.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале