18.05.2024, 10:00
Оқылды: 62

Құрсай бастауыш мектебі жабылуы мүмкін

Халық алдында есеп беру кездесуі Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінде жалғасын тапты. Аталған ауылдық округінің әкімі Асылбек Базарбаев округ бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталса, аудан басшысы Тимур Шиниязов атқарылған және жыл ішінде атқарылатын жұмыстарды айтып өтті.

image-18-05-24-12-00

Сұрақ-жауапқа қатысқан ауыл тұрғыны, ауылдың белсендісі Жұпар Хамзина Көлтабан мен Құрсай елді мекендерінің кіреберіс жолындарына алаңдаулы. Сондай-ақ Құрсай бастауыш мектебінің болашағы не болады деп аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиевке сұрағын қойды.

image-18-05-24-12-00-3

Ол өз кезегінде: - Биылғы оқу жылының басында көптеп-көлемдеп бала санын жеткізіп, мектепті жаптырмадық. Енді 2024-2025 оқу жылында оқитын оқушы тағы жетпейін деп тұр. Одан бөлек тағы бір мәселе орын алып отыр. Аудан бойынша үш мектеп аттестацияға түсті. Соның ішінде Құрсай бастауыш мектебі бар, - деді.  Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауылдағы бір-екі көшенің жолын асфальттап беруді сұрап отыр. Бұған аудан басшысы: «Жоба бар, бұйырса 2025 жылы салынады»,- деп жауап қайтарды.

image-18-05-24-12-00-2

Кездесуден кейін ауыл тұрғындары жеке мәселелерімен Тимур Серікұлының қабылдауында болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале