18.05.2024, 16:30
Оқылды: 114

Бөкей ордасы ауданына мобильді топ келді

Бөкей ордасы ауданына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ келіп, бірқатар шаралар өтті. Таратып айтсақ, алдымен аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

IMG-20240517-WA0039

Отырысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, аталмыш департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов қатысты.

Отырыс күн тәртібінде үш бірдей мәселе қаралды. Алдымен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов сөз алды. Оның айтуынша, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы», «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары қолға алынып, жемқорлық фактілерін анықтауда айтарлықтай іс атқарылыпты.

IMG-20240517-WA0038

- Ашылған қылмыстық фактілерді сараптасақ, сыбайлас жемқорлық фактілері көбінесе мемлекеттік сатып алу жүйесінде көптеп кездеседі. БАҚ көздерінен де білетін шығарсыз. "Скотч" ісі деген атпен танымал болған бір ғана фактіні айтайын. Еріктіміз бір мекеменің қара нарықта тиын тұратын скотчты мемлекеттік сатып алу арқылы 9000 теңгеден алмақ болғаны анықталды. Нәтижесінде қомақты қаржы бюджетте қалды. Білім саласына қаржының көп мөлшерде бөлінетін білесіз. Біздің агенттіктің әрекетінің арқасында гақтосы салада 131 млн теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Сонымен бірге мыңнан астам мүгедектің құқығы қорғалды. Заң бойынша олар салықтық төлемдерден босатылған. Бірақ жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы мүгедектерден салықтық төлемдер қабылдаған. Нәтижесінде заңсыз салықтық түсімдер мүгедектерге қайтарылды. Осы жайттарды айта келіп, кез келген қылмыстың өтеуі болатынын ескерткім келеді, - деді Мұратбек Жұмағалиұлы.

IMG-20240517-WA0033

Бұдан кейін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова, Сайқын ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Абдоллин өз салалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған іс-шаралары туралы баяндаса, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Бибігүл Жұмағұлова  бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қатерінен қорғау бағытында қабылданған шаралар барысында хабарлама жасады.

Жарыссөзде сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жауапсыз мердігерлердің тізген салып, қатаң шара қабылдау керектігін мәселе ғып көтерді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында іске қосылған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың қатысуымен өткен шара тек мұнымен шектелмеді.

FB_IMG_1715965644224

Аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізсе, "Достық" үйінде құрамында адвокат, сот орындаушы, нотариус бар мобильдік топ халыққа тегін құқықтық кеңестер беріп, жеке қабылдаулар өткізді.

FB_IMG_1715965647255

Одан бөлек облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрайымы Жансұлу Төремұратова ауданның белсенді әйелдерімен кездесті.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале