Бөкей Ордасы ауданында қазақ күресінен «Қазақ Барысы» республикалық турниріне іріктеу өтті. Облыстық додаға Казталов ауданының намысын қорғауға Ерназар Хамзин аттанған болатын.
Қазақ күресінен облысымыздың мықты палуандары белдескен жарыста Ерназар қарсыластарының бәрін жығып, «Жайық Барысы» атанды.
Ерназар бауырымыз ендігі кезекте «Қазақтан Барысы» турнирінде бақ сынайтын болады.
Жерлесімізді аудан халқы атынан құттықтап, Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақ Барысы» турнирінен жеңіспен оралуын тілейміз!
Нұр Рахман,
Казталов ауданы