21.05.2024, 18:00
Оқылды: 35

«Мәдениет саласының үздігі» атанды

Мәдениет қызметкерлерінің күніне орайластырылып Оралда өткен салтанатты шарада бір емес, қос бірдей ақжайықтық саладағы ең жоғары осы марапатқа ие болды. Атап айтсақ, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Ирлан Абайұлы мен ақын Айнабек Бисенғалиев.

e6054c42-ae43-4aef-840c-96467e32649a

ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталған Ирлан Хабибуллин – еңбегін өнер мен мәдениетті дамытуға арнаған абыройлы азамат. Оның алғаш еңбекке араласқан кезі 1991 жыл болатын. Ирлан Абайұлы сол кезде Ілбішін ауылдық мәдениет үйіне көркемдік жетекші болып орналасады. Ал бүгінде өзі басқаратын мәдени-демалыс орталығына келгеніне де 22 жыл болыпты. 2006 жылы ауданның мәдени-рухани дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін облыстық «Жыл директоры» байқауында жеңімпаз атанса, одан кейін де жоғары марапаттарды иеленіп жүр. Оның бастамасымен жергілікті ақын-сазгер, өнерпаздардың шығармашылығы аудан, облыс, тіпті республика көлемінде кеңінен насихатталуда. Айталық, «Ақжайық ауданының құрметті азаматы», сазгер, «КСРО-ның озат мәдениет қызметкері» белгісінің иегері, таңдаулы әндердің авторы Ғұбайдолла Хибашевтың әндерін орындаушылардың республикалық аймақтық «Ақжайық - өлкем» ән байқауы жыл сайын ұйымдастырылуда. Сонымен қатар білікті басшы аудан мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, аудандық мәдени-демалыс орталығықызметкерлерінің әр салада жетістікке жетуіне қолдау көрсетіп келеді.

Айнабек

Бүгінде Қадыр Мырза Әли Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында мәдени ұйымдастырушы болып қызмет атқаратын Айнабек Бисенғалиев – облыс, республикаға Ақжайықтың атын шығарған арынды ақын. Еңбек жолын өздеріңіздің төл газетіңіз «Жайық таңында» бастаған Айнабектің мәдениет және өнер саласы, айтыс аламанында жетістіктері қомақты екені өнерсүйер қауымға анық аян.

Әсел Сағын,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале