БҚО-да 73 жастағы шал өзімен 48 жыл отасқан әйелін қылғындырып өлтірген. Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: istockphoto.com
- БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 73 жастағы М. есімді ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қаралып, ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.
Сот материалында көрсетілгендей ер адам өздері тұратын пәтерде өзінің әйелін алдымен сабаған. Кейін аяқ киімнің бауымен қылғындырған. Содан кейін барып қолымен буындырып өлтірген.
- Ер адам өз кінасын толық мойындады, сот отырысында ол жасаған қылмысына өкінетінін айтты, - деді БҚО сотының баспасөз қызметі.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz