22.05.2024, 11:30
Оқылды: 20

БҚО-да 73 жастағы ер адам әйелін қылғындырып өлтірді

БҚО-да 73 жастағы шал өзімен 48 жыл отасқан әйелін қылғындырып өлтірген. Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлады.

22

Фото: istockphoto.com

- БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 73 жастағы М. есімді ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.  Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қаралып, ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Сот материалында көрсетілгендей ер адам өздері тұратын пәтерде өзінің әйелін алдымен сабаған. Кейін аяқ киімнің бауымен қылғындырған. Содан кейін барып қолымен буындырып өлтірген.

- Ер адам өз кінасын толық мойындады, сот отырысында ол жасаған қылмысына өкінетінін айтты, - деді БҚО сотының баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале