22.05.2024, 15:30
Оқылды: 73

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң барлық кезеңді қадағалауға мүмкіндік бере ме?

Мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандыруды және барлық қатысушылар үшін ашықтықты қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң «Экономика Әлішер Қожасбаевпен» бағдарламасының тақырыбына айналды.

CbLUxnSqheoyGINfnQUcWWEK9bcxNrxPOP1gHuQh

Фото: primeminister.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл құжаттағы қосымша өзгерістерді түсіндірді.

Оның айтуынша, электронды сатып алу порталы кез келген пайдаланушыға адами факторды қоспағанда, сатып алудың барлық кезеңін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық бірлестіктер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер мониторингте белсенді рөл атқарады. Ал жаңа қоғамдық мониторинг институты, әсіресе ресурстары шектеулі өңірлерде шарттардың орындалуын бақылауды күшейтуге арналған.

 Сұхбаттың толық нұсқасы primeminister.kz. сайтында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале