23.05.2024, 9:45
Оқылды: 73

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері жұмыстан босатылды

«Ақжайықтың» биылғы аяқ алысы көпшіліктің көңілінен шығып жатыр деуге келмейді. Осы кезге дейін бірінші лигада бес ойын өткізген команда төрт-ақ ұпай жинады.

акжайык фк (2)

Күні кеше алматылық «Хан тәңірі» клубын өз алаңында қабылдаған оралдық футболшылар 0-0 есебімен тең тарқасты. Ойыннан соң ойыншылар мен бапкерлік құрамды жинаған клуб президенті Гүлдария Кауиева көңіл көншітпейтін нәтижеге көрсеткені үшін бас бапкер Қуаныш Қарақұловпен арадағы келісімшартты бұзды.

Айта кетейік осыдан бірнеше ай бұрын команда тізгінін алған Қуаныш Билянұлы алдымен ел кубогі бәсекесінде жеңіліс тапты.

Ал чемпионатта ол баптайтын «Ақжайық» «Екібастұз», «Тараз», «Жетісай» клубтарынан жеңіліп, «Ұлытауды» ғана жеңе алды. Көктемгі су тасқыны кесірінен «Каспий» және «Арыс» командаларымен болатын ойындары кейінге қалдырылды.

Қазіргі таңда 4 ұпай жиған оралдық клуб турнир кестесінің 13-ші сатысына жайғасты.
Жұмыстан босатылған Қуаныш Қарақұловтың орнына жергілікті бапкер тағайындалуы мүмкін.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале