23.05.2024, 15:45
Оқылды: 74

Атырау - Орал тасжолы жабылуы мүмкін

Жайық өзені суының Атырау - Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап жабылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының telegram каналында жазылды.

f79e94d3-ad6c-4f2a-aa9d-532b620bb6aa

Фото видеодан кадр

Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады.

Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау - Индер тасжолымен, Махамбеттың тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале