Жаңақала ауданы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шара барысында «AMANAT» партиясының басшысы Қуаныш Шарафутдин демеушілік білдіріп, 35 бүлдіршінге сыйлық үйлестірді.
Жиында балдырғандар жаттаған тақпақтарын айтса, кейбірі әндетіп, енді бірі мың бұрала биледі. Әрі қарай, бөбектер ата-аналарына арнап хормен ән шырқап, қылқаламмен өздері бейнелеген суреттерін табыстады.
Аталмыш мекеменің мамандары да өз өнерлерін ортаға салып, түрлі жануар кейпінде балалардың көңілін аулап, сан аулан ойындар ұйымдастырылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жүзіндегі қуанышты көру өзі жанға жайлылық сыйлары анық.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz