24.05.2024, 14:45
Оқылды: 61

Балаларды құттықтады

Жаңақала ауданы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

2c7e1e3a-a072-441c-a882-618e36274e6f

Шара барысында «AMANAT» партиясының басшысы Қуаныш Шарафутдин демеушілік білдіріп, 35 бүлдіршінге сыйлық үйлестірді.

 Жиында балдырғандар жаттаған тақпақтарын айтса, кейбірі әндетіп, енді бірі мың бұрала биледі. Әрі қарай, бөбектер ата-аналарына арнап хормен ән шырқап, қылқаламмен өздері  бейнелеген суреттерін табыстады.

70d3c971-7371-4800-8f3e-5fe60ea19a1d

 Аталмыш мекеменің мамандары да өз өнерлерін ортаға салып, түрлі жануар кейпінде балалардың көңілін аулап, сан аулан ойындар ұйымдастырылды.  Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жүзіндегі қуанышты көру өзі жанға жайлылық сыйлары анық.

b929f8f9-64d4-4d61-8e4a-672aeb05ae1d

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале