24.05.2024, 21:00
Оқылды: 63

Жәнібек ауданында комиссияның кезекті отырысы өтті

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

442509024_1016175553845452_2341551476682904424_n

Комиссияның кезекті отырысында жаз кезінде табиғи және техногендік өрттердің алдын алу жөніндегі шаралар мен аудан аумағында жазғы мезгілде дала өрттерін ескере отырып, аудан аумағындағы ауыл шаруашылық техникаларын техникалық тексеруден өткізу туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Испенбетов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев баяндады.

442399377_1016175563845451_5244156747392599899_n

Сонымен қатар Берік Қаметұлы мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев аудандағы су қоймаларда адамдардың қаза болуының алдын алу жөнінде қосымша шаралар мен балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі туралы баяндады. Сол сияқты аудан аумағындағы су құбырларының және өрт сөндіру гидранттарының жағдайы хақында «Жолаушы» кәсыпорынның директоры Салтанат Темірғалиева мен №21 өрт сөндіру бекетінің бастығы Жақсылық Есентаев айтып өтті.

Жиында қаралған барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, Жақсылық Каримоллаұлы әрқайсысы бойынша тапсырма берді. Атап айтсақ, ауыл әкімдері мен тиісті құзырлы мекемелер бірлесіп, дала жанулар мен өрттерді жоюға жұмылдырылатын техникаларды дайындықта ұстауды, шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарына жаз маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсінік шаралар жүргізу, аудан бойынша техникалық байқаудан өтпеген техникалардың жаз мезгілінде жүрмеуін бақылауда ұстауды, жаз мезгілінде суға шомылу уақытында аудан аумағындағы су айдындарының қауіпті аймақтарында үнемі рейдтерді ұйымдастыру, аудан аумағындағы өрт сөндіруге арналған гидранттардың жарамды күйде болуын бақылауда ұстауды тапсырды.

441248490_1016175610512113_5712938105172143969_n

 - Алдымызда жаз мезгілі келе жатыр. Яғни, бұл мезгілде елді мекендерде өрт қаупі туындайтыны белгілі. Сондықтан, осы маусымға толыққанды дайын болуымыз қажет. Ол үшін тиісті мекеме басшылары, ауыл әкімдері жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыруы тиіс. Осыған орай, ауыл әкімдері және жауапты мекеме басшылары жоғарыда аталған мәселелер бойынша төтенше жағдай туындаған кезде бірден хабардар ету, шаралар қабылдауға дайын болсын деймін, - деп Ж.Абдолов жиынды қорытындылады.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале