Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Фото: zhaikpress.kz
«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмысты кешіктірмей, барынша тездету керек», — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.