28.05.2024, 17:45
Оқылды: 49

Партия бақылауы: жол құрылысы қалай жүріп жатыр?

Жуырда Казталов ауданы бойынша «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан партиялық бақылау бекеті құрылған болатын.

жп жол казталов бостадык (1)

Бүгін «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының жұмыс жоспарына сай партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сәрсенбай Молдашев, комиссия мүшелері Сәкен Ищанов пен Дархан Дәулетияров Бостандық ауылындағы көше жолдарының жөндеуімен танысты.

жп жол казталов бостадык (3)

Былтыр Бостандық ауылы ішіндегі ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, Е.Аязбаев, Т.Рұсқұлов, Жаңа Қоныс, Ю.Гагарин көшелерінің 3,1 шақырымына асфальт төсеу және 1,7 шақырымына жаяу жүргінші жолын салу басталған болатын.

Құрылысты «ЖайықСити» ЖШС жүргізіп жатыр. Мердігер мекеме көше жолдарының астыңғы қабатын бітіріп, ендігі кезекте қара жамылғы төсеуді жоспарлап отыр.

Тек ауыл тұрғындары Ю.Гагарин көшесіндегі жолға төселген астыңғы қабаттың көктемгі дымқылдан дұрыс кеппеуіне байланысты, әзірге, асфальт төсеу кейінге шегеру керектігін туралы ұсыныстарын айтқан болатын.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жолға қатысты ауыл тұрғындарының ұсыныстары ескеріліп, құрылыс үнемі бақылауда болатынын жеткізді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

жп жол казталов бостадык (2) жп жол казталов бостадык (4) жп жол казталов бостадык (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале