Қызылорда облысы Арал қаласында өткен әзіл-сықақ өнер ұжымдарының республикалық «Күлкі керуен» байқауында Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінің Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы халықтық әзіл-сықақ театры бірінші орын алып, өңіріміз бен ауданымыздың атын асқақтатты.
Ауылға әлі оралмаған өнерлі ұжым мүшелерінің жетістігі жайында сүйінші хабар таратып, жергілікті әртістерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz