28.05.2024, 23:30
Оқылды: 63

Жәнібекте қамқорлық патронаттық тәрбиедегі балалар хақында жиын өтті 

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері офлайн, Жақсыбай, Талов, Борсы ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары онлайн режимде қатысты.

InShot_20240528_233833588

Басқосуда сөз алған аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова аудан бойынша қамқоршылық пен қорғаншылықтағы патронаттық тәрбиедегі балалардың жағдайы мен мектеп оқушыларының жазғы демалысының ұйымдастырылуы хақында айтып берді. Аудан бойынша патронаттық тәрбиеде 6 бала бар. Балалардың жағдайы жақсы. Баланы қамқорлығына алған ата-аналар тағы да бала асырап алуға ниетті екен. Сондай-ақ балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 1-24 маусым аралығында Қонаев қаласындағы «Балдәурен» лагерінде 12 оқушы демалса, Алматы қаласындағы «Бөбек» лагеріне қолайсыз, аз қамтылған отбасындағы 10-11 жас аралығындағы 10 бала барады.

Сонымен қатар Жақсыбай, Борсы, Талов ауылдық округтері бойынша кәмелетке толмағандарға төнген қауіпті анықтау, алдын алу, жағдайы төмен, қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмағандармен мектеп, округ әкімдерінің жұмысы туралы М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешені, Ғ.Қараш, Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектептердің директорлары онлайн режимде баяндады.

InShot_20240528_233856429

Комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Жиынды Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале