29.05.2024, 22:31
Оқылды: 62

Дінтанушы Жәнібек ауданы жамағатымен жүздесті

Бүгін республикалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі, дінтанушы, ұстаз Ғазиз Ахмет пен теолог мамандар Жәнібек ауданына келді.

image-29-05-24-07-18-1

Аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов қонақтарды қабылдап, «Ғұмар еліне қош келдіңіздер!» айтты. Ұстаз түске дейін Ұзынкөл ауылының жамағатымен кездессе, түстен кейін аудандық мәдениет үйінде аудан жамағатымен жүздесті.

image-29-05-24-07-18

Дінтанушы түрлі тақырыпта уағыз айтып, ислам дінін дұрыс түсіну бағытында көптеген сауалдарға жауап берді. Кездесу барысында Ғазиз Ахмет елде ынтымақ, бірлікті сақтаудың маңызына ерекше тоқталды. Сонымен қатар отбасы, бала тәрбиесі, білімнің маңыздылығын да айтты.

«Ислам сөзінің өзі «бейбітшілік» деген мағынаны береді. Демек, ислам қауіпсіздік, алаңсыздық, сәлемет, амандық, төзімділік деген мағыналарға да саяды. Исламның әлемдік дінге айналуының сыры да осында. Яғни, ислам адамзатқа Алланың бар және бір екендігін, Аллаға ғана құлшылық жасау керектігін дәріптейді. Сонымен бірге, адамдар, қоғам, мемлекет арасында тәртіп орнатып, бауырмалдықты жаңғыртады. Алланың алдында көркем мінезді тұлғалардың өзгелерден үстем болатындығын насихаттайды» деген дінтанушы исламның ауызбірлікті, ынтымақты сүйгіш дін екендігін баса айтты.

image-29-05-24-07-18-2

Сонымен қатар жиынға келген жамағат та өздерін мазалап жүрген кейбір сауалдарын қойып, кеңінен түсіндірген жауаптар алды.

Жиын соңында Бекежан Биболатұлы Ғазиз Ахметтің иығына шапан жауып, аудан әкімінің ықыласын жеткізді.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале