Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында балаларды кезекті есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді.
Көрнекі фото: zhaikpress.kz
Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балабақшаға орын кезек келген уақытта аутоматты түрде берілетін болады. Кезекті есепке алудың бірыңғай базасы Орал қаласында 2024 жылдың 1 мау-сымында іске қосылады. Балабақшаға кезекке қою balabaqsha.snation.kz порталы, egov.kz порталы арқылы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы жүзеге асады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Орал қаласында мемлекеттік – 50, жеке 122 бөбекжай және мектептердің жанындағы 13 шағын орталық балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуда. Жалпы 19739 бала мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленуде. Олардың 5000-ға жуығы биыл мектепалды даярлық сыныптарына барады.
Гүлжамал Жолдығали,
«Орал өңірі»