Жуырда Бөрлі ауданында бокстан 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Бөрлі ауданы әкімінің жүлдесі мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, хабарсыз кеткен жауынгер-қаһармандарды еске алуға арналған республикалық турнирі өткен болатын. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас боксшылар келіп, бақтарын сынады.
Жәнібек ауданының жас спортшылары аталған додаға қатысып, керемет жетістіктермен оралды. Атап айтсақ, Азизхан Қадыр жүлделі І орынға ие болып, Жәнібектің мәртебесін биіктетті. Сонымен қатар Диас Бекболат пен Нұрислам Алпыс ІІІ орыннан көрінді.
Спортшыларды Нұрбек Орынбаев жаттықтырып, ауданға тағы бір жүлдені алып келді. Әп, бәрекелді!
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы